(Kazakhstan-January 21, 2026) Amidst heightened attention from the international community and human rights organizations, Kazakh authorities are accused of launching a massive nationwide search and intimidation operation. Victims report that law enforcement has recently forcibly inspected the phones of members and supporters of the organization, utilized methods such as door-to-door threats and explicitly prohibited people from attending the court hearing on January 23, 2026.
National Security Agency Intervene, Escalating Intimidation Levels
According to information from the unregistered (repeatedly denied by the government) “Real Atajurt,” this pressure campaign not only mobilized police but also involved representatives from Kazakhstan’s National Security Committee (KNB, formerly KGB) in plain clothes. These officials visited members’ homes one by one, warning that attending the January 23 trial would lead to “serious consequences.”
Multiple pieces of evidence show that law enforcement is attempting to block public oversight and cover up procedural flaws through “extrajudicial oppression.” This intimidation of civilians is seen as an extreme measure by the government of Kazakhstan to cover up its human rights controversies, prevent public monitoring of judicial trials.
These actions severely damage Kazakhstan’s national image, and confirm its authoritarian rule rather than a path to rule of law. Such use of state machinery to intimidate witnesses and trial attendees blatantly violates international standards for fair trials.
Systematic Persecution: From Hefty Fines to Ignoring a Pregnant Woman’s Medical Needs
“Real Atajurt,” established in 2017, has long faced systematic persecution under the ruling Amanat party (formerly Nur-Otan). The organization details the oppression its members have suffered:
In 2019, founder Serikzhan Bilash was arbitrarily prosecuted under Article 174 of the Kazakhstan Criminal Code.
Long-term detention and fines: Multiple leaders like Bekzat Maksutkan and Kapar Akhat have been administratively detained multiple times; members have collectively faced fines exceeding 10 million Tenge.
Denial of medical rights: In November 2025, Nazigul Maksutkan, seven months pregnant, was taken from the site of a protest against Chinese authorities. She was detained for 11 hours after being taken to the police station. During which she experienced abnormal fetal movements, and despite the arrival of an ambulance, officers refused to let her go to the hospital.
Internet censorship: Members were forced to delete social media content, especially posts with the slogan “Trump, please pay attention to Kazakhstan” seeking international help.
Fined for sharing peaceful protest videos: Members were fined for sharing videos of burning the Chinese flag in a peaceful protest. On December 30, 2025, Astana resident Kapar Akhat was fined 78,000 Tenge.
Criminal Prosecution and Detention of Suspects
Currently, 19 citizens face criminal charges stemming from burning the flag of China to protest the arbitrary detention of a Kazakh truck driver captured in Xinjiang. China’s Consulate General in Kazakhstan immediately interfered with Kazakhstan’s independence and judiciary by submitting a diplomatic note.
Trial Information and List of Defendants
This case is handled by Yerzhan Baibolov (Байболов Ержан Калимолданович), president of the Second District Court of Enbekshikazakh District, Almaty Region. The prosecutor of the case is G.K. Turmanov (Тульбаев Ерик).
19 individuals currently face criminal prosecution, below is the partial list of defendants:
In detention: Bekzat Maxsutkhan, Baqytnur Nurmuqan, Qanat Turdybai, and 9 others held in detention centers in Taldykorgan and Almaty.
House arrest: Nazigul Maksutkhan, Gulnar Shaimurat, Guldariya Sherizat, and 3 others.
International watchdog groups emphasize that peaceful protests against foreign countries take various forms. They do not violate Kazakhstan’s constitution, and do not constitute inciting ethnic hatred. Chinese people and overseas Chinese groups have not felt offended by activists protesting China’s Xinjiang policies. The act of exposing and other relevant actions by members of Atajurt embody the spirit of international humanitarian rescue, playing a crucial protective role in freeing Xinjiang’s ethnic groups from arbitrary detention, they should be commended, not punished.
The January 23 trial must not be conducted in a black box. Authorities of Kazakhstan must immediately cease intimidating supporters and ensure the trial process is open, transparent, and fair.
Cry for Help to the International Community
“Real Atajurt” members state that they are in a state of “suffocating” survival, with their professions, families, and personal freedoms comprehensively blocked. They urgently appeal to international democratic countries, human rights watch organizations, and legal bodies to closely monitor the January 23 trial process to prevent unfair rulings in a closed environment by Kazakh authorities. “We are being silenced, we are suffocating—this is our urgent cry for help to the world.”
ChinaAid Association
Below is the translation of the above text in Kazakh
Қазақстандағы заң үстемдігі дағдарысы.
19 адам құқығын қорғаушылардың сот отырысы болар қарсаңында, билік Қазақстантың әр өңірінде заңсыз қысым жасау науқанын бастады.
Халықаралық қауымдастық пен адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қазақстандағы «Нағыз Атажұрт» (The Real Atajurt Kazakh Human Rights) адам құқық ұйымының 19 мүшесіне қарсы қозғалған қылмыстық істерге ерекше назар аударып отырған тұста, Қазақстан билігі ел аумағында ауқымды қорқыту, қысым көрсету, бопсалау шараларын жүргізіп жатқаны айтылуда. Жәбірленушілердің хабарлауынша, соңғы күндері құқық қорғау органдары ұйым мүшелері мен оларды қолдаушылардың ұялы телефондарына мәжбүрлі тексеру жүргізіп, үйлеріне барып қорқыту арқылы азаматтарға 2026 жылғы 23 қаңтарда өтетін сот отырысына қатысуға қатаң тыйым салған.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының араласуы – қысым деңгейінің күшеюі
Мемлекет тарапынан бірнеше рет тіркеуден бас тартылған «Нағыз Атажұрт» ұйымының мәліметіне сәйкес, бұл жолғы қысым тек полициямен шектелмей, азаматтық киімдегі Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК, бұрынғы КГБ) қызметкерлерінің қатысуымен күшейе түскен. Бұл тұлғалар ұйым мүшелерінің үйлерін жеке-жеке аралап, 1 қаңтар 23-і күні сот процесіне қатысқан жағдайда “ауыр салдарға тап болатынын” ашық түрде ескерткен.
Көптеген дәлелдер құқық қорғау органдарының «соттан тыс қысым» тәсілдері арқылы қоғамдық бақылауды шектеуге және сот рәсіміндегі кемшіліктерді жасыруға тырысып жатқанын көрсетеді. Бейбіт азаматтарға бағытталған мұндай қорқыту әрекеттері Қазақстан билігінің адам құқықтарына қатысты дау-дамайларды бүркемелеу, сондай-ақ қоғамның сот процесін бақылауына жол бермеу мақсатында қолданылып отырған шектен шыққан шаралар ретінде бағалануда.
Мұндай әрекеттер Қазақстанның халықаралық беделіне елеулі нұқсан келтіріп, елдің құқық үстемдігіне емес, авторитарлық басқару үлгісіне бет алып отырғанын айқын көрсетеді. Мемлекеттік аппаратты пайдаланып, куәлар мен сот отырысын тыңдауға келген азаматтарды қорқыту – әділ сот талқылауына қойылатын халықаралық стандарттардың өрескел бұзылуы болып табылады.
Жүйелі қудалау: ірі айыппұлдардан бастап жүкті әйелдің медициналық көмегін елемеуге дейін
«Нағыз Атажұрт» ұйымы 2017 жылы құрылған сәттен бастап, Қазақстанның билік партиясы «Аманат» (бұрынғы Nur-Otan, қазіргі атауы Amanat) басқарып отырған жүйе тарапынан ұзақ мерзімді әрі жүйелі қудалауға ұшырап келеді. Ұйым өз мүшелеріне қарсы қолданылған қысым түрлерін егжей-тегжейлі атап көрсетеді:
2019 жылы «Атажұрт» ұйымының негізін қалаушы Серікжан Біләш Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша негізсіз түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ұзақ мерзімді қамаулар мен айыппұлдар:
Бекзат Мақсұтқан мен Қапар Ахат сияқты бірнеше жетекші тұлға бірнеше мәрте әкімшілік қамауға алынған. Ұйым мүшелеріне салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 10 миллион теңгеден асып кеткен.
Медициналық құқықтан айыру:
2025 жылғы қарашада жүктілігінің 7-айындағы Назигүл Мақсұтқан наразылық акциясы кезінде 11 сағат бойы заңсыз ұсталған. Сол уақыт ішінде іштегі баланың қимылы қалыптан ауытқығанына қарамастан, жедел жәрдем келгенімен, полиция қызметкерлері оны ауруханаға жеткізуге рұқсат бермеген.
Интернеттегі цензура:
Ұйым мүшелері әлеуметтік желілердегі жазбаларын мәжбүрлі түрде өшіруге ұшыраған. Әсіресе, халықаралық қауымдастыққа бағытталған «Трамп, Қазақстанға назар аударыңыз» мазмұнындағы үндеулер қатаң бақылауға алынған.
Бейбіт наразылық видеоларын таратқаны үшін айыппұл салу:
Қытай туын өртеу арқылы жасалған бейбіт наразылық акциясының бейнежазбасын таратқан азаматтарға айыппұл салынған. 2025 жылғы 30 желтоқсанда Астана қаласының тұрғыны Қапар Ахат осы әрекеті үшін 78 000 теңге көлемінде айыппұлға тартылды.
Жүкті әйелге медициналық көмек көрсетуден бас тарту
2025 жылғы 13 қарашада, Қытай билігінің әрекеттеріне қарсы өткен бейбіт наразылық кезінде, жүктілігінің жеті айындағы Назигүл Мақсұтқан (Nazigul Maksutkan) басқа қатысушылармен бірге шамамен сағат 14:00-де полиция бөліміне жеткізіліп, түнгі 01:00-ге дейін ұсталған.
Осы уақыт аралығында ол іштегі баланың үздіксіз әрі қалыптан тыс қозғалысын сезінгеніне қарамастан, шұғыл медициналық көмек сұраған өтініштері бірнеше рет қабылданбаған. Жедел жәрдем көлігі келгенімен, оған медициналық көмек алуға рұқсат берілмей, шамамен екі сағат бойы суық жедел жәрдем көлігінің ішінде жалғыз қалдырылған.
Қылмыстық қудалау және күдіктілерді қамау
Қазіргі уақытта 19 Қазақстан азаматы қылмыстық айыптауға тартылып отыр. Бұған олардың Қытай Халық Республикасының туын өртеу арқылы Қытай билігінің Шыңжаңда бір қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісін негізсіз қамауға алуына қарсы бейбіт наразылық білдіруі себеп болған.
Осы оқиғадан кейін Қытайдың Қазақстандағы Бас консулдығы Қазақстанның тәуелсіздігі мен сот жүйесіне тікелей араласып, дипломатиялық нота жолдаған.
Сот процесі туралы ақпарат және айыпталушылар тізімі
Бұл іс Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында қаралуда. Сот төрағасы – Ержан Қалимолданұлы Байболов, судя – Ерік Тұлбаев (G.K. Turmanov) тергеу сотында 19 адамның қылмыстық бұлтартпай шарасын 2 айға ұзартқан еді.
Қазіргі таңда 19 ұйым мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Олардың бір бөлігі төмендегідей:
Қамауда отырғандар:
Бекзат Мақсұтхан, Бақытнұр Нұрмұқан, Қанат Тұрдыбай және тағы басқа 12 адам Талдықорған мен Алматы қалаларындағы уақытша ұстау изоляторларында қамауда отыр.
Үйқамақта отырғандар:
Назигүл Мақсұтхан, Гүлнар Шаймұрат, Гүлдария Шеризат және тағы 6 адам.
Халықаралық сарапшы ұйымдар шет мемлекетке қатысты бейбіт наразылықтың сан алуан түрі бар екенін, мұндай әрекеттердің Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтінін және ұлтаралық араздықты қоздыру болып табылмайтынын атап өтеді. Қытай халқы да, шетелдегі қытай диаспорасы да белсенділердің Қытай үкіметінің Шыңжаң саясатына қарсы наразылықтарынан ешқандай қорланғанын немесе жәбірленгенін білдірмеген.
Аталған ұйым мүшелерінің әшкерелеу әрекеттері мен бастамалары халықаралық гуманитарлық көмек рухын айқын көрсетеді әрі Шыңжаңдағы түрлі ұлт өкілдерін негізсіз қамаудан қорғауда маңызды рөл атқарып отыр. Сондықтан олар жазаға емес, керісінше қолдауға лайық.
23 қаңтарда өтетін сот отырысы жабық әрі құпия түрде өтпеуі тиіс. Қазақстан билігі қолдаушыларға жасалып отырған қорқыту әрекеттерін дереу тоқтатып, сот процесінің ашық, жария және әділ өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
Халықаралық қауымдастыққа жасалған шұғыл үндеу
«Нағыз Атажұрт» ұйымының мүшелері өз мәлімдемесінде қазіргі таңда «тұншықтыратын жағдайда» өмір сүріп жатқанын, олардың кәсіби қызметі, отбасылық өмірі және жеке бостандықтары толықтай шектелгенін атап өтті.
Олар халықаралық демократиялық елдерге, адам құқықтарын қорғау ұйымдарына және құқықтық институттарға шұғыл үндеу жолдап, 23 қаңтарда өтетін сот процесін халықаралық деңгейде мұқият бақылауды сұрайды. Мақсат — Қазақстан билігінің жабық жағдайда әділетсіз үкім шығаруына жол бермеу.
«Бізді үнсіз қалдыруда. Біз тұншығып бара жатырмыз. Бұл – біздің әлемге жолдаған шұғыл көмек сұрауымыз.»
ChinaAid (Қытайға көмек көрсету қауымдастығы)